Құрметті пайдаланушы,
Біз, Алматы, Төле би көшесі, 69-үй, 9-пәтер мекенжайы бойынша тіркелген, СМАРТ ТУРИЗМ РК, ЖШС компаниясы, біздің сайтта онлайн брондау процесі Сіздің тарапыңыздан айтарлықтай сенім білдіру деңгейін болжайтынын түсінеміз. Біз Сіздің сеніміңізді жоғары бағалаймыз, сондықтан құпиялылық және дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударамыз.
Осы «Құпиялылық саясаты» СМАРТ ТУРИЗМ РК, ЖШС компаниясы («OneTwoTrip», «біз», «бізді» және «біздің») Сіз біздің сайтта немесе телефон арқылы брондау қызметтерін (осы «Саясаттың» мәтінінде жиынтықта «Қызметтер» деп аталады) пайдаланған кезде Сіздің дербес деректеріңізді қалайша жинайтынын, пайдаланатынын, ұсынатынын және беретінін түсінідіреді. Біздің сайтты пайдаланбас бұрын осы «Құпиялылық саясатымен» мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. Біздің сайтта cookies файлдарын және басқа ұқсас технологияларды пайдалану «Cookies файлдарын пайдалану саясатында» сипатталады.
Осы «Құпиялылық саясаты» соңғы рет 2015 жылғы 14 тамызда жаңартылды. Біз осы «Саясаттың» мәтінін мезгіл-мезгіл өзгертуіміз мүмкін, сондықтан соңғы өзгерістерден хабардар болуыңыз үшін оны жүйелі түрде қарап шығуыңызды ұсынамыз.
Ақпаратты жинау
Біз көрсететін қызметтерді пайдалану кезінде біз сіз туралы мынадай ақпаратты жинап, өңдеуіміз мүмкін:
- Сіз бізге беретін ақпарат. Біз Сіз бізге Интернет және/немесе телефон байланысы арқылы брондауды жүзеге асыру уақытында және мақсатында беретін бүкіл жеке ақпаратты, оның ішінде сатып алушының аты-жөні, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, паспорт деректері, төлем ақпараты және сатып алуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа деректерді жинап, сақтап отырамыз. Басқа тұлғалар үшін әуе билеттерін брондау кезінде олардан бізге олардың жеке ақпаратын беруіне келісімін алдын ала алуыңызды сұраймыз.
- Біздің Сіз туралы жинауымыз мүмкін ақпарат. Біз сонымен қатар «Cookies файлдарын пайдалану саясатына» сәйкес біздің қызметтерімізді пайдалануыңыз туралы ақпаратты автоматты режимде ала аламыз.
- Біз үшінші тұлғалардан алатын ақпарат. Біз өзара байланысты заңды тұлғалармен, қызметтер жеткізушілерімен және іскерлік серіктестермен тығыз ынтымақтасамыз, олардан да Сіз туралы ақпаратты ала аламыз.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді қалай пайдаланамыз
Біз қызметтерімізді пайдалану кезінде алынған ақпаратты мынадай мақсаттарда пайдаланамыз:
- сізге дербестендірілген қызметтер көрсету, мысалы, брондауды растау туралы хабарламаларды және рейстерді болдырмау және кідірту туралы хабарламаларды жіберу;
- өтініштер мен шағымдарды қарау;
- көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алаяқтық әрекеттердің алдын алу;
- сізге өзіңізге қызық болуы мүмкін біздің басқа өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы ақпаратты беру;
- сізге өтіп жатқан промоакциялар туралы хабарлау;
- сізге біздің қызметтер туралы ақпараттық материалдарды, оның ішінде хабарландырулар мен қызметтік хабарламаларды жіберу.
Назар аударыңыз, біз Сіздің картаңыздың деректерін біздің сайтта алдын ала таңдаған электрондық билеттерді брондау және жазып шығару үшін ғана пайдаланамыз. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған және адамның қатысуынсыз өтеді.
Біз Сіздің дербес деректеріңізді кіммен бөлісеміз
Бұл Сіз таңдаған өнімдерді немесе қызметтерді беру/көрсету немесе жақсарту үшін қажет болатын, және бұған Сіздің рұқсатыңыз бар болатын жағдайларды, не төмендегі жағдайларды қоспағанда, біз Сіздің дербес деректеріңізді бізбен байланысты емес басқа тұлғаларға немесе компанияларға сатпаймыз, уақытша пайдалануға бермейміз және бөліспейміз:
- Әуекомпаниялары немесе тапсырыс берілген «Қызметтерді» көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуекомпанияларының атынан әрекет ететін агенттер сияқты қызметтер жеткізушілерге ақпарат беру. Мұндай жеткізушілер сонымен қатар қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратты алу үшін Сізбен байланысуы мүмкін. Біз мұндай жеткізушілердің жұмысы тәртібі мен ережелерін бақылай алмаймыз, сондықтан Сізге қызметтерін немесе өнімін өзіңіз сатып алатын жеткізушінің құпиялылық саясатымен танысуды ұсынамыз.
- Біз Сізге қызметтер көрсету үшін тартатын сервистік ұйымдарымызға ақпарат беру, оның ішінде төлемдерді өңдеу, алаяқтық әрекеттерді болдырмау, бизнес-талдау және маркетинг зерттеулерін жүргізу, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсету.
- Біз бірлесіп белгілі бір өнімдер мен қызметтер ұсынатын іскерлік серіктестерімізге ақпарат беру. Біздің серіктестермен бірлесіп ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді пайдаланғыңыз келсе немесе оларға қолжетімділік алғыңыз келсе, біз серіктестерімізге Сіздің жеке ақпаратыңызды бере аламыз. Біздің серіктестеріміздің дербес деректерімен жұмыс істеу қағидаларымен танысып алуыңызды сұраймыз, және мұндай қағидалардың біздің бақылауымыздың аясынан тыс болатынына назар аударыңыз.
- Бұл сот қараулары, сот шешімдерін орындау және басқа құқықтық процестер үшін, сондай-ақ дәлелдер алу және біздің заңды құқықтарымызды сақтау мақсатында заң бойынша талап етілетін жағдайларда ақпарат беру.
- Біз ақпарат беруді үшінші тұлғалардың заңсыз немесе болжалды заңсыз қызметін тергеу, болдырмау немесе оған қатысты шаралар қабылдау үшін қажетті деп санаған жағдайда.
- OneTwoTrip компаниясының, біздің клиенттердің немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын, меншігін және қауіпсіздігін қорғау және сақтау мақсатында.
- Активтерді біріктіру, шоғырландыру немесе сату сияқты корпоративтік мәмілелерді жасау мақсатында.
«Қызметтер» бойынша жиынтық және/немесе иесіздендірілген ақпаратты және статистиканы маркетинг және стратегиялық мақсаттарда өндіру, пайдалану және ашу, және мұндай ақпаратты үшінші тұлғалармен бөлісу құқығын өзімізге қалдырамыз. Бұл ретте біздің «Қызметтерді» пайдаланатын сайт кірушілері мұндай жиынтық және/немесе иесіздендірілген ақпараттың немесе статистиканың көмегімен ешқашан сәйкестендірілуі мүмкін емес.
Сіздің дербес деректеріңізді қорғау
OneTwoTrip Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелеріне мұқият қарайды. Сондықтан біз Сіз бізге беретін жеке ақпаратты қорғаудың тиісті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларын енгіздік және пайдаланудамыз, сондықтан біз:
- дербес деректерді өңдеу және қорғау саласында жергілікті нормативтік актілерді және өзге құжаттарды әзірлейміз және қабылдаймыз;
- дербес деректерді өңдеуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындаймыз;
- дербес деректер өңделетін ақпараттық жүйемен жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасаймыз;
- дербес деректерге рұқсат етілмеген кіру фактілерін анықтауды жүзеге асырамыз және ұқсас оқыс оқиғаларды әрі қарай болдырмау үшін шаралар қабылдаймыз;
- оларға рұқсатсыз кіру салдарынан түрлендірілген немесе жойылған дербес деректерді қалпына келтіреміз;
- біздің ақпараттық жүйеде өңделетін дербес дерек терге кіру қағидаларын белгілейміз, сондай-ақ біздің ақпараттық жүйеде жасалатын барлық әрекеттерді тіркейміз және есепке аламыз;
- жеке ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға және біздің ақпараттық жүйеміздің қорғалуы деңгейіне бақылау жүргіземіз;
- жеке ақпаратқа рұқсатсыз кіруді болдырмау үшін кіруді шектеу механизмдерін, сондай-ақ антивирустық жүйені, желі аралық экрандау жүйесін және басып кіруді анықтау жүйесін пайдаланамыз;
- барлық дербес деректерді сақтауды жүзеге асырамыз, олар шифрленген түрінде сақталады;
- сіздің дербес деректеріңізді біздің серверлер мен Сіздің браузеріңіз арасында шифрленген түрде береміз.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындау үшін қажетті шаралар қабылдау мақсатында дербес деректерді өңдеуді және қорғауды ұйымдастыруға жауапты тұлға тағайындалды.
Дербес деректерді өңдеуді және қорғауды ұйымдастыруға жауапты тұлға:
- дербес ақпаратты заңсыз немесе кездейсоқ кіруден, дербес деректердің жойылуынан, көшірілуінен, бұғатталуынан, таралуынан, сондай-ақ дербес ақпаратқа қатысты өзге заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдауды ұйымдастырады;
- OneTwoTrip компаниясында Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнаманың талаптарының, сондай-ақ дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптардың сақталуына ішкі бақылауды қамтамасыз етеді;
- OneTwoTrip компаниясының жұмыскерлерінің назарына Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнаманың ережелерін, сондай-ақ дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптарды жеткізуді ұйымдастырады;
- дербес деректер субъектілерінің не олардың өкілдерінің және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік билік органдарының өтініштері мен сұрауларын қабылдауды және өңдеуді ұйымдастырады, сондай-ақ мұндай өтініштерді қабылдауға және өңдеуге бақылауды жүзеге асырады.
Елдер арасында дербес деректерді беру
Біз Сіздің дербес деректеріңізді біздің үлестес компанияларымызға не тәуелсіз қызметтер жеткізушілеріне осы «Құпиялылық саясатында» сипатталатын мақсаттар үшін бере алатынымызды атап өткіміз келеді. Мұндай үлестес компаниялардың және қызметтер жеткізушілердің кейбіреулері Сіз тұратын елдің шегінен тыс болуы мүмкін, және оларға Сіз тұратын елдің аумағында қолданылатын заңдар таралмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз осы «Құпиялылық саясатына» сәйкес Сіздің жеке ақпаратыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеміз.
Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін дербес деректер субъектілерінің барабар қорғалуын қамтамасыз етпейтін шетелдік мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруді тек мына жағдайларда жүзеге асырамыз: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда; Сіз тарапы болып табылатын шарт орындалған жағдайда.
Сыртқы сілтемелер
Назар аударыңыз, біздің сайтта біз бақыламайтын және осы «Құпиялылық саясаты» қолданылмайтын бөтен сайттарға сілтемелер орналастырылуы мүмкін. Егер Сіз мұндай сілтемелер арқылы қызметтерге қолжетімділік алсаңыз, осы қызметтер көрсететін ұйымдар Сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізе алатынын және оны жинай алатынын, содан кейін оны біздің саясаттан ерекшеленуі мүмкін өздерінің құпиялылық саясатына сәйкес пайдалана алатынын түсіну керек.
Сіздің құқықтарыңыз
Сіз, бізге берілген дербес деректер субъектісі ретінде, бізден мыналарды алуға құқылысыз:
- дербес деректерді өңдеу фактісін растауды;
- дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері мен мақсаттары туралы мәліметтерді;
- біз қолданатын дербес деректерді өңдеу тәсілдері туралы мәліметтерді;
- біздің атауымыз және орналасқан жеріміз туралы мәліметтерді;
- дербес деректерге кіру рұқсаты бар немесе бізбен жасалған шарт негізінде немесе федералдық заң негізінде дербес деректер ашылуы мүмкін тұлғалар туралы мәліметтерді;
- өңделетін дербес деректеріңіздің тізбесі;
- дербес деректерді өңдеу мерзімдері туралы, оның ішінде оларды сақтау мерзімдері туралы мәліметтер;
- азаматтың «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген құқықтарды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді;
- қоғамның тапсырмасы бойынша дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның атауын және мекенжайын;
- заңнамаға сәйкес өзге де мәліметтерді.
Сіздің мынадай құқықтарыңыз да бар:
- сіздің дербес деректеріңізді нақтылауды, егер дербес деректер толық емес, ескірген, дәл емес, заңсыз алынған болса немесе мәлімденген өңдеу мақсаты үшін қажетті емес болса оларды бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
- дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді қайтарып алу;
- сіздің дербес деректеріңізге қатысты заңсыз әрекеттерді жоюды талап ету;
- егер біз Сіздің дербес деректеріңізді заңнаманың талаптарын бұзып өңдейміз немесе сіздің құқықтарыңыз бен бостандығыңызды өзге түрде бұзып жатырмыз деп есептесеңіз, біздің әрекеттерімізге немесе әрекетсіздігімізге мемлекеттік органдарда немесе сот тәртібімен шағымдану;
- өз құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғау, оның ішінде сот тәртібімен шығындарды өтеуге және/немесе моральдық зиянды өтеу.
Біздің міндеттеріміз
Біз, OneTwoTrip, Сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу кезінде келесі міндеттемелерді өзімізге аламыз:
- заңнамада көзделген оператор міндеттерін орындау үшін қажетті шаралар қабылдау;
- дербес деректер субъектісіне дербес деректерді беруден бас тартудың заңды салдарын түсіндіру;
- заңсыз өңделетін дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асыру;
- заңнамаға сәйкес дербес деректерді өңдеуді тоқтатуды жүзеге асыру;
- дербес деректер субъектісіне жіберілген бұзушылықтарды жою немесе оның дербес деректерін жоюды болдырмау туралы хабарлау;
- дербес деректер субъектісінің өтініші бойынша оның дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты беру;
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дерекқорларды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), шығаруды қамтамасыз ету.
Сіздің қарауыңызша
Егер Сіз ендігәрі сатып алуға тікелей байланысты емес ақпараттық материалдарды бізден алғыңыз келмесе, бізден электрондық пошта арқылы алынған кез келген хабарламада «Таратудан бас тарту» сілтемесін басыңыз немесе жеке кабинетте маркетинг баптауларын өзгертіңіз не бізбен төменде көрсетілген мекенжай бойынша байланысыңыз.
Сол мекенжай бойынша бізге Сіздің жеке ақпаратыңызға кіруге сұрау жібере аласыз. Назар аударыңыз, кейбір ақпарат аздаған ақыға берілуі мүмкін.
«Құпиялылық саясатындағы» өзгерістер
«Құпиялылық саясатындағы» барлық өзгерістер осы құжатта орналастырылатын болады. Барлық жаңартулар мен өзгерістерден хабардар болу үшін Сізден осы құжатты жүйелі түрде қарауыңызды сұраймыз.
Бізбен байланысыңыз
Егер Сізде осы «Құпиялылық саясатымен» немесе жалпы алғанда көрсетілетін «Қызметтермен» байланысты қандай да бір сұрақтар туындаса, бізбен мына мекенжай бойынша байланысыңыз:
support@onetwotrip.com
СМАРТ ТУРИЗМ РК, ЖШС
БСН: 221140006317 (ИНН орнына)
Мекенжайы: Алматы, Төле би көшесі, 69-үй, 9-пәтер