Сіз әуе билетін Android, iOS құрылғыларындағы OneTwoTrip қолданбасы арқылы немесе OneTwoTrip сайтынан 5 минуттан кем уақыт арасында брондап және сатып ала аласыз:
- Әуе билеттерін іздеу формасын толтырыңыз
- Қолайлы ұшуды іздеу нәтижелерінен таңдаңыз
- Брондауды рәсімдеңіз
- Тапсырысты төлеңіз.
- Рәсімделген тапсырыс бойынша ақпарат пен құжаттарды тексеріңіз.
1. Әуе билеттерін іздеу формасын толтырыңыз: бағыттар, күндер, жолаушылар саны, қызмет көрсету класы. «Табу» түймесін басыңыз.
Сіз билетті тек бір немесе екі бағытта сатып алып қана қоймай, сонымен қатар маршрутты да құрай аласыз. Ол үшін іздеу формасында «Құрама маршрут» сілтемесін басыңыз.
Бір тапсырыста 9 жолаушыдан артық болмауы қажет (орны жоқ 2 жасқа дейінгі сәбилерді санағанда).
Қызмет көрсету кластары: Эконом, Премиум эконом, Бизнес, Бірінші класс.
2. Іздеу нәтижелерін күтіңіз, ұшудың қолайлы түрін таңдаңыз. Бронды рәсімдеу үшін «Таңдау» түймесін басыңыз.
Түрлі параметрлер бойынша іздеу нәтижелерін сұрыптайтын сүзгімен қолданыңыз.
3. Брондауды рәсімдеңіз.
Ұшу параметрлерін тексеріңіз, таңдау бірнеше тариф бойынша, соның ішінде әрбір бағыт бойынша болуы мүмкін. Таңдалған тарифтердің толық ережелерімен танысыңыз.
Орын алмаған, 2 жасқа толмаған сәбилерді қоса, жолаушылар деректерін көрсетіңіз.
Сатып алушының қажетті байланыс ақпаратын енгізіңіз.
Төлем парақшасында рәсімделіп жатқан билеттердің барлық мәліметін мұқият тексеріп алыңыз.
Одан әрі сіздің саяхатыңызды барынша жайлы қылатын біздің қосымша қызметтерімізді таңдай аласыз.
4. Тапсырысты төлеңіз.
Төлемнің бірнеше түрі қолжетімді болса, өзіңізге қолайлысын таңдаңыз. Әрі қарай шарттармен танысыңыз. Сатып алуды аяқтау үшін «Төлеу» түймесін басыңыз.
5. Сатып алғаннан кейін сізді «Маршруттық түбіртектер» бөлімінде билетіңіз жайлы барлық ақпарат бар тапсырыс парақшасына бағыттайды.
Билеттер жазылып берілгеннен кейін біз электрондық поштаңызға сапарға қажет құжаттарды, сонымен қатар тапсырысыңыздың статусы көрсетілген sms жібереміз.
Әуе билетінің сатып алынғанын әр жолаушыға жазылып берілген «Тапсырыс/эл. билет бойынша түбіртек» растайды.
Түбіртекте маршрут, ұшу және келу уақыты, әуежай, әуе компаниясы, қызмет көрсету класы, жүк, жолаушы және билет төлемі жайлы ақпарат көрсетіледі.
Түбіртектер билеттер жазылып болғаннан кейін тапсырыста көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Біздің сайтта Менің тапсырысым бөлімінен саяхат жайлы ақпаратты көріп, құжаттарды жүктеуге болады.
Кіру үшін «Тапсырыс бойынша кіру» формасына тапсырыс нөмірі мен брондау кезінде көрсетілген электрондық пошта немесе ұялы телефон нөмірін теру қажет.
Немесе «Әуе билеті бойынша кіру» формасына электрондық билет нөмірі мен жолаушының тегін (латын әріптерімен) теру қажет.
iOS немесе Android жүйесіне арналған OneTwoTrip қолданбасындағы басты парақшадан «Тапсырыстар» бөлімі арқылы қажетті тапсырысқа көшіңіз. Тапсырыс бойынша ақпарат арасынан «Маршруттық түбіртек» бөлімін таңдаңыз, сол жерде өз құрылғыңызға жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Жүктеу» түймесін бассаңыз pdf форматында жүктеп алуға болатын түбіртектер ашылады.
«Билет жазылды» билет күйі әуе билетінің сәтті жазылғанының белгісі болып табылады. Егер сіз билеттің басқа статусын немесе жолаушылар, ұшу параметрлері жайлы ақпаратта қателіктер тапсаңыз, онда жылдам біздің қолдау қызметімізге хабарласуды сұраймыз.