Қайтару үдерісінің аяқталуымен сізге қайтарудың рәсімделгені жайлы хабарламалар келеді. Осыдан кейін төлем жасалған шотқа қайтаруға есептелген сома түседі.
Қаражат шотқа қайтаруды рәсімдеу аяқталған сәттен бастап 3 тен 30 банк күніне дейін есепке қосылады. Бірақ біздің тәжірибемізге сай бұл 1–10 банк күніне дейін созылады.
Билеттің құнын тікелей әуе компаниясына төлеген жағдайда қаражат шотқа қайтарымды рәсімдеу аяқталған сәттен бастап 3 тен 60 банк күніне дейін есепке қосылады.
Егер тапсырыс жартылай немесе толығымен сыйлық сертификатымен төленген болса (немесе бонустық қаражаттармен), онда есепте көрсетілген сома қайтарымға төлем түріне байланысты сыйлық сертификатына (немесе бонустық шотқа) және ақшалай қаражатқа бөлінеді.
Егер билетке төленген карта қайта шығарылған, жоғалған, бұғатталған немесе оның қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, карта иеленушісі ақшалай қаражатты банкте карта бекітілген болған щоттан ала алады.