Электрондық билет немесе e-ticket — бұл жолаушы мен әуе компания арасындағы әуе тасымалы шартын растайтын электрондық құжат. Қағаз әуе билетіне қарағанда электрондық билет әуе компаниясының ақпараттық базасындағы цифрлық жазба болып табылады.
OneTwoTrip сайтында билетті сатып алғаннан кейін сіздің электрондық поштаңызға тапсырыс бойынша түбіртек жіберіледі. Ол e-ticket алудың фактісін растайтын құжат.
Жолаушыны электрондық билет арқылы тіркеу кезінде тапсырыс бойынша түбіртекті көрсету қажет емес — барлық қажетті ақпарат жүйеде бар, тек жолаушының жеке куәлігі (төлқұжаты) жеткілікті. Рейске тіркелгеннен кейін жолаушыға отырғызу талоны беріледі. Ол жолаушыны ұшар алдындағы бақылау мен ұшаққа отыру аясына жіберетін негізгі құжат болып табылады.
Кей жағдайларда сізге шығарылған электрондық билет қажет болып қалуы мүмкін:
– кейбір әуежайларға немесе кейбір әуежай аяларына кіруде авиациялық қауіпсіздік қызметтеріне көрсету үшін;
– сіздің артқа қайту билетіңіздің бар болуын немесе әрі қарай саяхаттайтыныңыздың дәлелі ретінде паспорттық бақылау немесе кеден тексерісін өту кезінде;
– рейстің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайында әуе компаниясымен электрондық билетке белгі қою үшін;
– рейсті брондау және рейске қолмен тіркелу жүйелерінде техникалық жаңылыс болған жағдайда билеттің ресми сатылып алуын және соған сәйкес, сіздің ұшуға құқығыңызды растау үшін.
Сондықтан түрлі күтпеген жағдайлар мен рейске тіркелу кезінде болып қалатын жаңылыстар жағдайында біз міндетті түрде өзіңізбен электрондық билеттің шығарылған түрін алып жүруді ұсынамыз. Соның көмегімен сіз өзіңізді саяхат алдында әуежайдағы мүмкін қиындықтардан арылтасыз.