Қол жүгін тасымалдау ережелерін әуе компания бекітеді, сондықтан толық ақпаратты тасымалдаушыдан білуді ұсынамыз. Әдетте жолаушыларға бортқа келесі заттарды алып кіруге рұқсат беріледі:
- тасымалдаушының ережелерімен бекітілген салмақ пен габаритқа сай дорба, немесе әйелдер сөмкесі, немесе дорбаға салынған портфель, немесе сөмке, немесе заттар бар портфель;
- гүлдер шоғы;
- сыртқы киім;
- ұшу уақытында балалар тағамы;
- портпледке салынған костюм;
- баланы тасымалдау кезіндегі тасымалдаушының ережелерімен бекітілген габариттерге сәйкес және әуе кемесінің салонында жолаушылар орындарының үстіндегі сөреде немесе алдыда отырған жолаушының орындығының астында қауіпсіз орналастыруға болатын баланы тасымалдауға арналған құрылғы (балалар бесігі, екі жасқа дейінгі балаларды ұстап тұру жүйелер (құрылғылар), балалар арбашасы және басқа құрылғылар);
- дәрілік препараттар, ұшу кезінде қажет көлемінде арнайы диеталық қажеттіліктер;
- тасымалдаушының ережелерімен бекітілген габариттерге сәйкес және әуе кемесінің салонында жолаушылар орындарының үстіндегі сөреде немесе алдыда отырған жолаушының орындығының астында қауіпсіз орналастыруға болатын, жолаушымен қолданылатын балдақтар, таяқтар, жүріс арбалары, роллаторлар, жиналмалы арба;
- әуежайдың бажсыз сауда дүкендерінде тасымалдаушының ережелеріне сай салмақ пен габариті бекітілген, пластик пакетімен жапсырылып (пломбаланған) сатып алынған тауарлар.
Ережеге сай тегін қол жүктің нормасы 0 бастап 10 кг. дейін құрайды.
Қол жүктің бір орнының салмағы мен габариті әуе компаниямен дербес шешіледі.
Бортқа не алуға болмайды
Әдетте, қол жүгі мен жолжүкте қауіп төндіретің келесі заттарды алып кіруге тыйым салынады:
- жарылғыш заттар;
- қару-жарақ;
- жару құралдары мен солармен толған заттар;
- сығымдалған және сұйылтылған газдар;
- уытты заттар;
- тез жанғыш сұйықтықтар;
- тотықтырғыш заттар мен органикалық асқын тотықтар;
- тез жанғыш қатты заттар;
- улы және уландыратын заттар;
- радиобелсенді материалдар;
- ащы және коррозиялық заттар.