Орындарды қайдан таңдауға болады?
Сіз өзіңізге қолайлы орында ұшақ салонында таңдай аласыз. Қызметті келесідей қосуға болады:
1. Тапсырысты төлеу кезеңінде.
2. Қосымша қызметтер бөлімінде рәсімделген тапсырыста.
Қызметтің құны таңдалған орындарға байланысты өзгереді.
Әдетте қызметті ұшуға дейін 36 сағаттан кешіктірмей рәсімдеуге болады. Қызмет кейбір рейстерде болмауы мүмкін.
Әуе компаниясы ұшар алдында ұшақтың жүктеуіне байланысты орындарды өз еркімен өзгерте алатынына назар аударыңыз.
Аяққа арналған қосымша кеңістігі бар орындар (апаттық шығар есік жанында)
Ұшудың қауіпсіздік ережелеріне сай бұндай орындарда орналаса алмайды:
- ілесіп жүретін тұлғалардың болуы мен жасына қарамастан балалар;
- жасы 16 жастан төмен жолаушылар (кей жағдайларда 18 жас);
- ағылшын тілінде сөйлемейтін жолаушылар (әрекеттер бойынша нұсқаулықтарды оқып түсіне алу, және экипаждың ауызша нұсқаулықтарын түсіну қабілеті);
- екіқабат әйелдер;
- шығу люгін таба алуға, тұтқаға жетіп оны апаттық жағдайда ашуға жеткілікті денсаулық пен күші жоқ жолаушылар;
- медициналық жабдықтарды (оттегі концентраторы, оттегі жастығы, оттек баллоны, балдақтар, таяқ және т.б.) тасымалдайтын жолаушыларды қоса алғанда өмірлік іс-әрекеттері шектелген жолаушылар;
- габариттері апатты эвакуация жағдайында қажетті әрекеттерді орындауға мүмкіндік бермейтін жолаушылар (үлкен габариттердің өлшемшарты болып ұзартылған қауіпсіздік белдігін қолдану табылады);
- тасымалдауға күзетпен және/немесе жер аударып жіберілген/жіберілмеген жолаушылар;
- ӘК салонында жануарларды тасымалдайтын жолаушылар;
- салонда жолаушылар орнында жолжүкті тасымалдау қызметіне тапсырыс берген жолаушылар.
Негізгі ережелер көрсетілген, сонымен қатар қосымша шектеулер қолданылулары мүмкін.
Қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда жолаушыға қызмет көрсетуден бас тартылып Эконом салонында басқа бос орын беріледі.
Қызмет рәсімін растау
Төлем өткізгеннен кейін сіздің электрондық поштаңызға қызметтің сәтті рәсімделуін растайтын хабарлама (EMD түбіртегі), сонымен қатар электрондық чек келеді.