Әдетте, егер ұшудың барлық сегменті бір әуе компаниямен іске асырылатын болса, рейске жолжүкті тіркеу ақырғы межеленген жерге дейін іске асырылады, және транзит-әуежайда жолжүкті алып рейске тіркеуді қайта өтудің қажеттілігі жоқ.
Егер рейстер түрлі әуе компаниялармен жүзеге асырылса, сіздің жолжүгіңіз ақырғы межеленген жерге дейін тіркеле ме жоқ па тасымалдайтын әуе компанияда сәйкес келісімінің болуына байланысты. Бұл ақпаратты әуежайдағы тіркелу бағанасынан біле аласыз.
Егер транзиттік пунктте сізге бір әуежайдан екінші әуежайға көшу қажет болса (мысалы, итальян қаласы Миланда Мальпенс әуежайынан Линат әуежайына), сізге жолжүкті қабылдап қайта тіркеу қажет болады.