Неге тарифтерді қолдану ережелері ағылшын тілінде көрсетілген?
Тарифтерді қолдану ережелері әуе компаниямен құрастырылады және әуе кмпания брондау жүйесінде орналастыратын күйде OneTwoTrip.com сайтында көрсетіледі.
Брондау жүйелерінде ережелер мәтіндік форматта ағылшын тілінде көрсетілген, көлемі 2 бастап 10 бетке дейін құрайды және көптеген мамандандырылған терминдерден тұрады. Қазіргі уақытта әуе компанияның тарифтерді қолдану ережелерін көрсетудің бірыңғай стандарты жоқ.
Тарифтерді қолдану ережелерінің ең маңыздысы не?
Тарифтерді қолдану ережелерімен әуе билетін қайтару, сонымен қатар оны басқа ұшу күніне немесе басқа рейске айырбастау кезіндегі алымдар (айыппұлдар) анықталады.
Ережелерде шектеулер мен қайтарудың немесе айырбастаудың шарттары бекітілген (мерзімі, ықтимал алымдар мен үстем ақылар). Жиі әуе билеттері қайтарылмайтын, айырбастауға келмейтін болып табылады, сондықтан тапсырысты рәсімдеу кезінде сәйкес бөлімнен тарифті қолдану ережелерімен танысу қажет.
Мысалы, жолаушы ұшудың бірінші сегментіне келмеген жағдайда қалған сегменттер әуе компаниямен жойылуы мүмкін екенін білу маңызды. Бұл ретте кей жағдайларда жолаушы «No Show» бөлімінде, яғни рейске келмеу, тариф шарттарына сәйкес әуе билетін қайтаруды немесе айырбастауды өтіне алады.
Тарифтерді қолдану ережелерінде тағы қандай ақпарат бар?
Тарифтерді қолдану ережелері сату және жолаушының әуе билетін қолдану шарттарын анықтайды және келесі тармақтардан тұрады:
– Негізгі шарттар:
- Ұшақ салонында орын таңдау;
- Ұшып бару/ұшып келудің ашық күндері;
- Белгіленген пунктте минималды және максималды болу мерзімдері;
- Транзиттік жолаушылар үшін ауысып отыру пунктінде тоқтау;
- Тіркеу кезінде қызмет көрсету класын арттыру;
- Тарифтерді қосу.
– Әуе билетін қайтару кезіндегі алымдар (айыппұлдар):
- Белгіленген ұшу уақытына дейін 24 сағат бұрын билетті қайтару;
- Белгіленген ұшу уақытына дейін 24 сағаттан кеш уақытта билетті қайтару;
- Рейстің ұшуынан кейін билетті қайтару (орындарды алу шарттары, No Show шарттары және т.б.).
– Өзгерістер енгізу үшін әуе компаниямен алынатын алымдар (айыппұлдар):
- Жолаушы деректерін өзгерту;
- Ұшу параметрлерін өзгерту (қосылған тарифтер бойынша орындардың болу жағдайында);
- Рейске келмеген жағдайда ұшу параметрлерін өзгерту.
– Балаларға арналған жеңілдіктер;
– Тегін жолжүктерді тасымалдау нормалары.
Таңдалған ұшудың тарифті қолдану ережелерімен қайдан танысуға болады?
Таңдалған тариф ережелері біздің сайт пен мобильді қолданбаның ұшу түрін таңдаған брондау парақшасында, тапсырысты төлеу парақшасында бар.
Және сатып алғаннан кейін:
– сайтта рәсімделген тапсырыс бойынша ақпарат пен айырбастау, қайтаруға өтінімдер жасау кезінде;
– тапсырыста айырбастау, қайтаруға өтінімдер жасау кезінде мобильді қолданбада.
Айырбастау, билеттерді қайтару бөлігін тариф ережелерінде қалай оқу керек.
Тұрақты рейс тарифінің ережелерінде CANCELLATIONS (тоқтату) 16 тармаққа назар аудару қажет, оның негізгілері келесідей:
– TICKET IS NON-REFUNDABLE – билетті қайтаруға болмайды;
– TICKET IS NON-REFUNDABLE FOR CANCEL/REFUND – билетті қайтаруға болмайды;
– REFUND IS NOT PERMITTED – билетті қайтаруға болмайды;
– ANY TIME TICKET IS NON-REFUNDABLE – билетті кез келген уақытта қайтаруға болмайды;
– TICKET IS NON-REFUNDABLE IN CASE OF NO-SHOW – рейске келмеген жағдайда билетті қайтаруға болмайды;
– CHANGE IS NOT PERMITTED – ауыстыруға тыйым салынады;
– CHANGE NOT PERMITTED IN CASE OF NO SHOW – рейске келмеген жағдайда билетті ауыстыруға болмайды.