Егер банк картасының қызмет көрсету шарттары интернетте OneTwoTrip сатып алуларына жол берсе, әуе билеттерін банк картасымен төлей аласыз. Сіз таңдаған сайт нұсқасына немесе OneTwoTrip қолданбасына байланысты төлем валютасы мен төлем жүргізе алатын карта түрлері (төлем жүйесі, карта шығарылған мемлекет) өзгеріске ұшыраулары мүмкін. Банк карталарымен төлем жүргізу төлемдік жүйелердің талаптарына сәйкес іске асырылады.
Төлем алдында білу қажет:
– сіздің банк картаңыздың нөмірі;
– карта қолданысының аяқталу мерзімі (ай/жыл);
– карта иесінің аты-жөні (егер картада көрсетілсе);
– CVV/CVC тексеру коды (картаның арғы бетіндегі қолтаңба сызығындағы 3 немесе 4 цифр).
Төлемді жүргізу үшін бронды төлеу парақшасында өз картаңыздың деректемелерін көрсетіп, ары қарай «Төлеу» түймесін басу қажет. Осыдан кейін тапсырыс бойынша төлем жүргізіледі. Сіздің банкіңізде қосымша растау технологиясын қолдаса, арнайы құпиясөзді теру қажет болуы мүмкін. Бұндай жағдайда жүйе сізді авторизация серверінің парақшасына бағыттайды. Интернетте төлемдерді өткізу әдістері мен құпиясөзді алу мүмкіндіктерін картаны шығарушы банктен біле аласыз.
Төлемдік шлюзбен қосу және ақпаратты тасымалдау сақтандырылған режимде жүзеге асырылады.