Егер әуежайда сіздің жолжүгіңіз жоғалғанын байқасаңыз, онда дереу сәйкес құжатты рәсімдеу үшін әуежайдың Lost and Found қызметкеріне жүгініңіз.
Бұл құжатта бес әріптен (әуежай және әуе компания коды) және бес саннан тұратын код болады. Мысалы, LONBA12345. Берілген код бойынша сіз алда өз жолжүгіңізді www.worldtracer.aero сервисі арқылы бақылай алатын боласыз.
Монреальдық конвенцияға сәйкес «жолжүкті тасымалдау кезінде жойылу, жоғалу, зақымдалу немесе кешігу жағдайында тасымалдаушының жауапкершілігі әрбір жолаушыға қатысты 1131 SDR сомасымен – қарызға алудың арнайы құқығымен шектеледі».
Тасымалдаушымен жолжүктің жоғалғанын мойындау немесе жолжүктің көрсетілген мекенжайға 21 күн ішінде келмеуі жолжүктің жоғалуы болып табылады.
SDR қазіргі бағамын мына жерден көруге болады.
Әуе компаниялар жолжүктің жоғалуына байланысты сіздің ыңғайсыздықтарыңыз үшін алғашқы 21 күн ішінде жауапты емес, алайда олардың көбісі бірыңғай өтемақы немесе күнделікті соманы төлейді немесе ең қажетті заттарға шығындарыңызды жабады.
Барлық чекті сақтап жүрулеріңізді міндетті түрде ұсынамыз.