Мүгедектілігі бар жолаушыны тасымалдау алдын ала әуе компаниямен келістіріп, ұшу алдында расталуы қажет. Өтінімдер ұшу алдында 72 сағат бұрын қабылданады.
Сіздің тапсырысыңыз бойынша мүгедектілігі бар жолаушыға ілесіп жүретін адам қажет болса, біз әуе компанияға өтінімді жіберу үшін қолдау қызметімен хабарласыңыз.
OneTwoTrip қолдау қызметіне хат жазғанда әу компаниясынан қызметтің қай түрін сұрау қажеттігін көрсетіңіз:
STCR – зембілдегі жолаушы (басқа жолаушының ілесіп жүруі міндетті);
MEDA – медициналық куәландырудан өтуді қажет ететін жолаушы;
MAAS – жолжүкті қабылдауда көмек қажет ететін, қарсы алып шығарып салуды қажет ететін жолаушы;
BLND – соқыр (нашар көретін) жолаушы. Егер соқыр жолаушы жүргінші итпен болса: жүргінші ит растайтын құжат болу жағдайында тегін тасымалданады. Жүргінші ит тұмылдырық киіп жолаушының аяғына байлануы қажет;
DEAF – керең жолаушы;
DPNA – зияткерлік дамуында кідірісі бар жолаушы (зияты бұзылған, түсінуге қабілетті жолаушы) және ілесіп жүруді қажет етеді:
әуежайда ұшуға дейін – тіркелуден ӘК отыруға дейін;
әуежайға ұшып келгенде – ӘК бастап әуежайда қарсы алушыларға тапсырғанға дейін;
ӘК бортында – жолаушы жауапты жолсеріктің қарауында.
Берілген категорияның жолаушыларын тасымалдау оның ілесіп жүретін тұлғаны қажет ететіні көрсетілген медициналық құжатты көрсетумен іске асырылады. Тіркеу ұшу әуежайының медпунктында іске асырылады.
Мүгедектер арбашасын қолданатын жолаушыларға:
WCHC – жолаушы толығымен қимылсыз, ұшаққа дейін немесе ұшақтан бастап қозғалыста мүгедектер арбашасын қажет етеді, басқышпен көтеріліп түсе алмайды және ұшақта өз орнына бара алмайды.
WCHS – ұшаққа дейін мүгедектер арбашасын қажет ететін, басқышпен көтеріліп түсе алмайтын, бірақ ұшақта өз орнына бара алатын жолаушы.
WCHR – ұшаққа дейін немесе ұшақтан бастап қозғалыста мүгедектер арбашасын қажет ететін, басқышпен өзі көтеріліп түсе алатын және салонда өз орнына бара алатын жолаушы.
WCBD – құрғақ аккумуляторлық батареялармен істейтін жеке арбашасы бар жолаушы.
WCBW – сұйық электролиті бар аккумуляторлық батареялармен істейтін жеке арбашасы бар жолаушы.
Егер бала ілесіп жүруді қажет етсе, әуе компаниясының қолдау қызметіне жүгініңіз.